Мектеп тарихы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қабан-Жырау атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабан-Жырау атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

29
апрель
2017

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы


Мектеп тарихына қысқаша мәлімет
1928 жылдың күзінен Қызылбұлақ артелінде және Ақтекше артелінде Ағыбай мешітінде сауат ашу курсы ашылған.
1930 жылы «Ақтекше» колхозында ресми түрде бастауыш мектеп ашылады. Мектептің алғашқы директоры және мұғалімі болып Нұрпейісов, Біләлов, Мұхаметқалиев жұмыс атқарды.
1931 жылы «Қызылбұлақ» колхозында бастауыш мектеп ашылады. Алғашқы мұғалімдер: Смағұл Қақабаев, Бакісінов Стамшал, Ізтілеуов Қабдолда, Сүйлеменов Қабдолда, Насиха Өсербаева,Күреңов Нұрқабыл.
1933 жылы «Сарой» колхозында бастауыш мектеп ашылды. Керімбеков Мұхан, Мақұлбеков Демесін, Тұрсынбаев Нұрғазы, Смағұлов Белтай, Дәуренбаев Жеңіс мұғалім болды.
1937-1957 жылдары Ақтекше жетіжылдық мектебі болды.
1957 жылғы 7 қыркүйекте Талдықорған аудандық атқару комитетінің
№ 5-23-2 шешімі бойынша В.В.Куйбышев атындағы орта мектеп болып құрылды.
1992 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің № 527 қауылы бойынша «Ақын Қабан жырау атындағы орта мектеп» болып өзгертілді.
Ауданның білім беру мекемелерінің атауларын өзгерту туралы қаулысымен мақұлдаған: Алматы облысы Көксу ауданының әкімдігінің 2014ж.19 мамыр № 157қаулысымен «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақын Қабан жырау атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Білім беру қызметіне құқықтық лицензия:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті. 26.08.2014ж. №14012380
БСН/ЖСН: 570940000039

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілеттік туралы анықтама:
Атауы: «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақын Қабан жырау атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тіркуші орган: Алматы облысы Әділет департаментінің Көксу ауданының білім бөлімі ауданының Әділет басқармасы
Қызмет түрі: негізгі және жалпы орта білім беру
Соңғы қайта тіркеу күні: 2014 жыл 11 маусым

Мектеп директорлары туралы мәлімет.
1957-1960 жылдарда Әбішев Жүнісқұл.
1960-1976 жылдары Ахметченов Шолпанқұл.
1976-1977 жылдары Шағылбаева Тұрсын
1977-1979 жылдары Абайділдәнов Қалижан
1979-1992 жылдары Бәзілов Сайлаубай
1992-2011 жылдың 23 ақпанына дейін Шалқыбеков Өтеген
2011 жылдан Оразбаева Бақтыхан Жұмаханқызы баcқарып келеді.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2016 мектеп әкімшілігі
28 апрель 2017 ҰБТ