Нормативтік құжаттар 2022 » Жетісу облысы Көксу ауданы Қабан-Жырау атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қабан-Жырау атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы

07
декабрь
2022

Нормативтік құжаттар 2022

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі 11 - ҮОЖ) сәйкес жүргізіледі (өзгерістер мен толықтырулармен). Меншік және оқыту түріне қарамастан, білім беру ұйымдарына оқу процесін жүзеге асыруда педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Үлгілік оқу жоспарын таңдауға академиялық еркіндік беріледі. Білім беру ұйымы педагогикалық кеңестің шешімімен: Үлгілік оқу жоспарының бастауыш білім беруде 1- қосымшасын, 5-9 негізгі орта білім беруде 6- қосымшасын, жалпы орта білім беруде 86- қосымшаны таңдалды.
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім беру министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) сыныпты екі топқа бөлу сыныптағы баланың толымсыздығына байланысты топқа бөлінбейді.
Үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненті сағаттарын жүзеге асыру бойынша Бастауыш білім беру деңгейінің оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарында вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі: 1-сыныпта – 1 сағатты; 2-сыныпта – 1 сағатты; 3-сыныпта – 1 сағатты; 4-сыныпта – 1 сағатты құрайды.
1-4 сыныптарда оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын математикалық сауаттылықты, сондай-ақ шахмат ойнау сабақтарына бөлінді.
5-9 сыныптарда вариативтік компонент сағаттары «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінеді.
Қазақ тілінде оқытатын жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша вариативті компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі жалпы орта білім беру деңгейін құрайды: 10 сыныпта-1 сағат; 11 сыныпта-1 сағат. Сағаттар «Жаһандық құзыреттер» курсын оқуға бөлінді

Похожие публикации:

29 апрель 2017 Мектеп тарихы
28 апрель 2017 ҰБТ
01 август 2017 Мектеп тарихы